Выйти
RU

Коронавирустың салдарынан кофенің бағасы қымбаттап кеткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүкіл әлем бойынша коронавирус пандемиясы салдарынан енгізілген оқшаулау режимі кофенің бағасын көтеріп жіберді деп жазады KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Jens Kalaene / Globallookpress.com

Фото: Jens Kalaene / Globallookpress.com

Басылымының шетелік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, мейрамханалар мен кафелер жабылып қалғандықтан, сондай-ақ, жаппай қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшкен адамдар үйде өздері жасап ішу үшін кофені белсенді түрде супермаркеттерден сатып алып жатыр.

Нәтижесінде Нью-Йоркте кофенің арабика сортының бағасы наурыз айында 15 пайызға өсіп, фунтына 1,2 долларды құраған.

"Адамдар ас үйіндегі шкафтары азық-түлікке толтырса да, супермаркеттерге баруды жалғастыруда" , - дейді Marex Spectron брокерлік компаниясының өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев шаһарда ірі сауда орталықтары мен мейрамханалардың шамамен қашан ашылатынын айтқан еді.

Қала басшысының сөзінше, адам көп жиналатын ірі сауда орталықтары, сауда үйлері, үлкен азық-түлік дүкендер мен мейрамханалар мамыр айының ортасына дейін карантиндік режимде қала бермек.

27 сәуірден бастап Алматыда кейбір секторлар өз жұмысын бастамақ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустың салдарынан кофенің бағасы қымбаттап кеткен