RU

Қарағанды маңында құлаған әскери ұшақ туралы тың деректер пайда болды

Қорғаныс министрлігі Қарағанды маңында құлаған әскери ұшаққа қатысты мән-жайды айтты. 16 сәуірде орын алған әуе апатына байланысты тергеу жұмыстары басталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын подполковник Құрманғалиев пен подполковник Гаврилконың басқарған.

Олардың тәжірибелі әскери ұшқыштар екендігі айтылды.

Құрманғалиевтің жалпы ұшу уақыты 888 сағат болса, Гаврилконыкі -1161 сағатты құрайды.

Оқиға орнына Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жердегі іздестіру-құтқару қызметі бірінші болып келген.

"Ұшқыштарға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар Қарағанды қаласының ауруханасына эвакуацияланды. Қазіргі уақытта зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер бірінің жағдайын қанағаттанарлық, бірінікін орташа ауыр деп бағалауда", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінен тағайындаған комиссия оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.

Апат орнына әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы мен әскери-әуе күштерінің қолбасшысы ұшып кеткені белгілі болды.

Министрлік апатқа ұшыраған ұшақ 1991 жылы шығарылған да мәлім етті.

Айта кетейік, МиГ-31 ұшағы Қазақстанда төртінші рет апатқа ұшырап отыр. Бұған дейінгі апаттар 2007, 2008, 2013 жылдары болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851297-karagandy-maynda-klagan-skeri-sak-turaly-ty-derekter-pajda-boldy.html