Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

29 жастағы ару маңдайындағы безеудің арқасында өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын білген

Опубликовано:

29 жастағы Марлен Миллотт бірнеше ай бұрын қасының үстіне кішкентай қызыл дақтың шыққанын байқаған, алайда оған аса мән бермепті. Маманға жүгінудің орнына, бойжеткен безеуді тоналды креммен жасырып жүрген. Алайда сол дақтың арқасында Марлен өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын білген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Бойжеткен маңдайындағы безеудің арқасында өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын білген
Фото: Жеке мұрағат: UGC

Миллоттың айтуынша, оның отбасының бірнеше мүшесі қатерлі ісікпен ауырған, сондықтан ол көп уақыттан бері тексерілуді жоспарлап жүріпті. Алайда дәрігерге қаралуға оңтайлы сәт таппаған.

Бірде австралиялық бойжеткен әлеуметтік желідегі клиниканың жарнамасын көріп, қызығушылық танытады. Біраз уақыттан кейін ол дәрігерге көруге шешім қабылдайды.

Дәрігерге барған кезде Миллоттың терісіндегі бөртпенің шын мәнінде қатерлі ісіктің бір түрі екені анықталды.

"Мен дәрігердің қабылдауына барған кезде, ол ең алдымен менен: " Қасыңыздың үстінде не тұр?" деп сұрады", - дейді ол.

Миллотты емдеу кезінде терінің зардап шеккен қабаттарын алып тастау үшін бірнеше ота жасауға тура келген.

Қазіргі уақытта бойжеткен оқырмандарды жүйелі түрде дәрігерге тексеріліп тұруға шақырады, себебі медицина қызметкеріне кездейсоқ қаралу арқылы - өз өміріңізді сақтап қалуыңыз мүмкін.

Естеріңізге салайық, бұған дейін қатерлі ісікті жүктілікпен шатастырып алған ұлыбританиялық келіншек жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1851299-29-zastagy-aru-madajyndagy-bezeudi-arkasynda-zini-katerli-isikke-saldykkanyn-bilgen/

pixel