Выйти
RU

Швеция ханшайымы дәрігерлерге көмектесу үшін ауруханаға жұмысқа тұрды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Швеция ханшайымы София коронавирус пандемиясы кезінде барынша халыққа жақын болуды жөн көрген. Ол үшін Ханзада Карл Филипптің жұбайы, екі баланың анасы дәрігерлерге көмектесу үшін ауруханаға жұмысқа тұрған деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото:woman.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото:woman.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

София ханшайым тәжін медициналық киімге алмастырып, халқына барынша көмектесіп жатыр.

Швеция королі Карл XVI Густав пен патшайым Сильвияның қызы Стокгольм қаласындағы Софиахеммет ауруханасына жұмысқа кіріскен.

35 жастағы ханшайым Софиахемметтің университеттік колледжінде үш күндік интенсивтік оқу бағдарламасын аяқтап, енді ресми түрде аурухана ұжымына медициналық емес мәселелерді шешуге көмектесе алады.

Әлем халқын дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясы барша халықты біріктірді. Бүгінде өзге корольдік отбасы мүшелері де барынша көмек қолын созуда.

Мәселен Уильям ханзада видеобайланыс арқылы Англияда жаңа аурухана ашып, науқастарды емдеп жатқан дәрігерлерге қолдау білдірді.

Ал оның інісі Гарри жұбайымен бірге Лос-Анджелес қаласында мұқтаж жандарға азық-түлік таратты.

Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабия королінің 150 туысы коронавирус жұқтырғаны хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Швеция ханшайымы дәрігерлерге көмектесу үшін ауруханаға жұмысқа тұрды (фото)