Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2020 жылы сәбилерге ең көп қойылған есімдерді білесіз бе

Опубликовано:

Әділет министрлігінің азаматтық хал-актілерін тіркеу басқармасы 2019-2020 жылдары Қазақстанда нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер тізімін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Ведомствоның Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған мәліметіне сәйкес, екінші жыл қатарынан елімізде ұл балалар арасында Әлихан, Айсұлтан және Нұрислам есімдері көш бастап тұр.

Мысалы, өткен жылы дүниеге келген 4268 сәбиге Әлихан, 3270 нәрестеге Айсұлтан, 2528 балаға Нұрислам есімі қойылған.

2020 жылы да аталған үш есім дәл осындай реттілікпен жиі қойылғаны белгілі болды.

Нақты айтқанда, Әлихан есімділердің саны – 1204-ке, Айсұлтандар – 841-ге, Нұрисламдар 765-ке көбейді.

Ал қыз балалар арасында өткен жылы Райана (5601), Медина (5320), Айзере (4510) есімдері қойылса, осы жылы Медина (1289), Асылым (1183), Раяна (1172) есімдері жиі қойылған.

Еске сала кетсек, осыған дейін баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болатынын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, Ислам дінінде балаға қоюға рұқсат етпеген есімдер туралы да ақпарат ұсынғанбыз. Мәселен Алланың 99 көркем есімін сол қалпында балаға қоюға болмайды екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851325-2020-zyly-sbilerge-e-kp-kojylgan-esimderdi-bilesiz-be/

pixel