Выйти
RU

Коронавирус қайтыс болған адамнан жұға ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Зәуреш Жұмаділова инфекция сау адамға коронавирустан қаза тапқан науқастан да жұғатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ол "коронавирустан көз жұмған адамдардан инфекция сау адамға жұға ма?" деген сауал түсіп жатқанын жеткізді.

"Әрине, жұғады. Қоғамдық көліктерді, лифтілерді бостан-босқа залалсыздандырып жатқан жоқпыз. Лифті түймешесіне қарағанда коронавируспен ауырған адам әлдеқайда қауіп тудырады. Сол себепті, мәйітке оның туыстарының жақындауына тыйым салып отырмыз. Жоғары қорғаныс құралдары бар санитарлық-эпидемиология қызметтің бақылауымен мүрдені жуу және жерлеуге дайындау рәсімдерін жүргіземіз", - деді Жұмаділова.

Сонымен қатар, комитет басшысы қайтыс болған адам мен көңіл айтушылардың арасында қашықтық кемінде 3 метр болуы тиіс екенін баса айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова оңтүстік астанада коронавирустан көз жұмғандарды жерлеуге арналған аумақтың анықталғанын айтқан еді.

Сонымен қатар, еліміздің мұсылмандар діни басқармасы коронавирустан қайтыс болған мұсылман шариғат бойынша қалай жерленетінін хабардар еткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус қайтыс болған адамнан жұға ма