Выйти
RU

Ауа райы: Қазақстанда күн 33 градусқа дейін жылынады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы жылы болады. "Қазгидромет" РМК мамандарының ақпарына сәйкес, термометр бағамы 30 градустан жоғары көрсеткішке дейін жететін көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ауа райы: Қазақстанда күн 33 градусқа дейін жылынады

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, 18-інен бастап 20 сәуірге дейін еліміздің батыс және солтүстік батыс өңірінде жаңбыр жауып, жел екпіні күшеюі мүмкін. Республиканың қалған аймақтарында күн райы орайлы, жауын-шашынсыз болмақ.

Сондай-ақ, еліміздің солтүстік бөлігінде күн 20...28 градусқа дейін жылынады. Ал оңтүстік өңірлердегі ауа температурасы 25...33 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар.

Одан бөлек, синоптиктер қазақ елінің кей аймақтарында тұман болады деген болжам айтты.

Gismeteo порталының деректеріне сәйкес, жақын күндері Қазақстан мегаполистерінде күн ашық болады.

Алдағы демалыс күндері Алматы қаласында күн 19 градусқа дейін жылынады. Синоптиктер оңтүстік астанада күн ашық болады деп болжап отыр.

Сол секілді Нұр-Сұлтанда ауа райы бұлтсыз болмақ. Ауа температурасы 19...23 градусқа дейін көтеріледі.

Осы демалыста Шымкентте күн райы бірнеше градусқа дейін жылынады. Үшінші мегаполисте сынап бағанасы 21...24 градусқа дейін көтеріліп, аспан шайдай ашық болады деген болжам бар.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Еске сала кетсек, 14-15 сәуірге қараған түні Алматыда нөсер жаңбыр жауған. Соның салдарынан қалада бірнеше ауданды су басқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ауа райы: Қазақстанда күн 33 градусқа дейін жылынады