Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ҰҚК Шекара академиясының 54 курсанты коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының қатарындағы коронавирус инфекциясын жұқтырған курсанттар саны күрт өскені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Академиядағы ауру жұқтырған курсанттар саны күрт өсті
Фото: pixabay.com: UGC

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы әуел баста жұқпалы инфекция академияның 14 курсантынан табылса, қазір бұл сан 54-ке жетіп отырғанын мәлімдеді.

"Бүгінгі күні 54 курсанттың барлығы инфекциялық ауруханаларға жатқызылды және тиісті емін алып жатыр. Олардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық",– деді маман.

Бұған дейін бұл білім беру мекемесінде 18 курсанттың ауру жұқтырғаны жайлы хабарланған болатын.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандардың жалпы саны 1480-ге жетті.

Ал қауіпті дерттен айығып, ауруханадан емделіп шыққандар саны 306- болды. Соңғы деректер бойынша, тағы 21 науқас сырқатты жеңген.

Коронавирустан 17 отандасымыз көз жұмды.

17 сәуірде таңертең елімізде коронавирус жұқтырудың жаңа деректері анықталды. Атап айтқанда, олардың үшеуі Қарағанды облысында тіркелген. Белгілі болғандай, COVID-19 қауіпті инфекциясын 6 айлық нәресте жұқтырып алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851356-almatyda-kk-sekara-akademiasyny-54-kursanty-koronavirus-zktyrdy/

pixel