RU

Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны 300-ден асты

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан емделгендер саны 306-ға жетті. Соңғы деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 9 адам, Түркістан облысында 5 адам, Қызылорда облысында 4 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Ақмола облысында 1 адам, Атырау облысында 1 адам сауығып, ауруханадан шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram
"21 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. Нұр-Сұлтан қаласы 9 адам, Түркістан облысы 5 адам, Қызылорда облысы 4 адам, Ақтөбе облысы 1 адам, Ақмола облысы 1 адам, Атырау облысы 1 адам", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша жазылғандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 163

Алматы қаласы – 67

Шымкент қаласы – 2

Ақмола облысы – 9

Ақтөбе облысы – 3

Алматы облысы – 7

Атырау облысы – 16

Жамбыл облысы – 3

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 4

Қызылорда облысы – 17

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 5

Түркістан облысы – 6

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1480-ге жетті.

Кеше 17-науқастың көз жұмғаны жайлы белгілі болды. Қайғылы жағдай Алматы қаласында тіркелген.

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851363-kazakstanda-koronavirustan-emdelip-sykkandar-sany-300-den-asty.html