Выйти
RU

COVID-19: Ақтөбеде тәртіп бұзушыдан жауап алған полицей карантинге жатқызылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін таңда Ақтөбе облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы төрт адам тіркелді. Өңірде қауіпті дертке шалдыққандар саны 18-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

17 сәуір сағат 11:00-дегі зерттеу қорытындысы бойынша, полиция бөлімшесіндегі изоляторда отырған 36 жастағы ер азамат пен 32 жастағы әйелден, 11 және 5 жастағы балалардан COVID-19 диагнозы анықталды.

Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев пікір білдірді.

"Кеше инфекция анықталған тұрғынмен байланыста болған адамдар провизорлық емханаға жатқызылған болатын. Нәтижесінде оның қызы мен екі немересінен де оң нәтиже анықталды. Тұрғындарға карантин кезінде үйден шықпауды ескертсек те туыстарының үйіне қонаққа баруды тоқтатпай отыр.
Сонымен қатар, бүгін анықталған төртінші тұрғын қылмыс бұзуға қатысты полициямен қамауға алынған адам. Онда ешқандай клиникалық белгі болмаған. Тергеу кезіндегі жасалған тексеріс нәтижесінде қылмыстық жауапқа тартылған тұрғын сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Онымен байланыста болған 8 қызметкер карантинге жатқызылып, тексеріліп жатыр. Қалған тергеушілер де тексерістен өтеді",- деді ол.

Дәрігерлер науқастардың жағдайы қанағаттанарлық екенін хабарлады.

Олармен байланыста болғандарды анықтау жұмыстарын жүргізу күшейтілгені белглі болды. Себебі, бүгін тіркелген төртінші жағдай осыған дейін анықталған науқастың көршісі болған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ол оқшаулау изоляторында жалғыз жатыр. Тәртіп бұзушымен байланыста болған тұрғыннан жауап алған полиция қызметкерлері де карантинге жатқызылды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1480-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19: Ақтөбеде тәртіп бұзушыдан жауап алған полицей карантинге жатқызылды