Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ОҚКА 20 науқасынан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасындағы COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы екі науқас жайлы мәлімдеді. Бүгінде олардың саны 20-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда орталық аурухананың 20 науқасынан коронавирус анықталды
Фото: pixabay.com: UGC

Мегаполистегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев соңғы тәулік ішінде еліміздің оңтүстік астанасында ауру жұқтырудың жаңа 63 дерегі тіркелгенін хабарлады.

Ауру жұқтырғандардың 19-ы – дәрігер, 10 науқас – Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері. Тағы екеуі осы мекемеде жатқан ЖРВИ белгілері бар науқастар болып шықты.

Қалған 44 науқас бұрын коронавирус індетіне шалдыққандармен жақын байланыста болғандар екен. Барлығы ауруханадағы карантинде тест нәтижелерін күтіп жатқан.

Жалпы 17 сәуір күнгі дерек бойынша Алматыдағы бұл медициналық мекемеде вирус жұқтырған 392 науқас тіркелген. Оның 391-і Алматы қаласының тұрғыны, бір науқас Алматы облысынан көрінеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда ҰҚК Шекара академиясының 54 курсанты коронавирус жұқтырғанын жазған едік.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1480-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851382-almatyda-ortalyk-auruhanany-20-naukasynan-koronavirus-anyktaldy/

pixel