RU

Түркиядан келген қазақстандықтардың карантинде жатқанына 20 күннен асты

Түркиядан елге оралып, Атырауда бір айға жуық карантинде жатқан қазақстандықтар KAZ.NUR.KZ редакциясына хат жолдады. Олардың бірі оқшаулану уақыты баяғыда өтіп кеткенін айтып, шағымданған.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Ерлан және оның бірнеше курстастары Стамбулда магистратурада оқиды.

Барлық студенттер қашықтықтан оқуға көшкеннен кейін, олар Қазақстанға оралу туралы шешім қабылдаған.

"Біз 27 наурызда келдік, бірден 14 күнге карантинге оқшауландық. Барлығы 60-қа жуық адам болды. Карантин 9 сәуірде аяқталуы керек еді, бірақ арамыздан коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар табылып, карантин уақыты ұзартылды. Енді біз тек 22-23 сәуірде шыға аламыз. Нәтижесінде біз 14 күннің орнына бір айға жуық оқшауландық", - деді ол.

Ерланмен бірге Ақтөбеден кем дегенде үш адам карантинде жатыр. Шымкент, Ақтау және Көкшетаудағы курстастары да осындай жағдайға тап болған.

Ол кейбір жандардың жауапсыздығынан ұзақ уақыт оқшауланғанына шағымданды.

"Біріншіден, бізді бір-бірімізден оқшауламай жатақханаға орналастырды. Осыған байланысты үшеуі жұқтырды. Содан кейін екі адамнан суық пәтерге жатқызды. Бізді санаторийге де жіберді, онда бір бөлмеде жалғыз және қалыпты жағдайда тұрдық. Егер 14 күннен кейін карантиннен шыққанда, барлығы жақсы болатын еді. Енді карантин шаралары күшейе түсті", - деп сөзін қорытындылады Ерлан.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1480-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851391-trkiadan-kelgen-kazakstandyktardy-karantinde-zatkanyna-20-knnen-asty.html