Выйти
RU

Алматыда жұмысын бастайтын кәсіпорындарға қойылатын талап күшейтілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық әкімдігі қызметтерді жандандырудың бірінші кезеңіндегі кәсіпорындар 20 сәуірден бастап қалай жұмыс істейтінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінде кәсіпорындар бірінші кезеңде қалай жұмыс істейтінін айтты

Фото: NUR.KZ

"Машина жасау, пластмасса бұйымдары және басқалары сияқты салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды. Еңбек ұжымдары ауру жұқтыру қаупін болдырмас үшін компаниялар жабық кеңістіктерде және жеке ғимараттардағы жұмыс жағдайын қамтамасыз етуі керек.
Біз бірінші кезекте экономикалық компонентті ішінара жандандыру туралы айтып отырмыз. Құрылыс саласына бұған дейін рұқсат етілген, бірақ толықтырулар бар. Ол рұқсат етілген күйде қалады, бірақ өнеркәсіп субъектілерінің жұмысына жағдай жасалады, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінен рұқсат алғаннан кейін және құрылыс компаниялары Алматыда жұмыс істей алады.
Барлық өнеркәсіп жұмысын бірге бастамайды, тек рұқсатнама алған кезде ғана барып, қарастырып, жұмысын бастауды мақұлдаймыз",– деді Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

Бұл талаптар басқа да жұмыс орындарына қатысты – базарлар, жанармай құю бекеттері, қонақүйлер, ауруханалар және т.б.

Оразалин қазір қалада дезинфекция жұмысы жүріп жатқанын да айта кетті.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

"Екінші мәселе – infoalmaty.kz жаңа платформасы туралы. Қазір барлық мәліметтер базаға келіп түсті, алдыңғыға қарағанда бірқатар техникалық артықшылықтар бар. Өтініш берген қызметкерлердің саны жұмыс істейтіндер санынан аспауы керек.
Біз полицияның ескі мәліметтер базасын жаңартып жатырмыз. Алдағы күндерде біз келіп түскен мәліметтерді өңдейміз және рұқсат етілгендер тізіміне кіретін жаңа кәсіпорындармен жұмыс жасайтын боламыз", – деп мәлімдеді Оразалин.

Кәсіпорындарды жұмыс тобы өтініштер келіп түскеніне қарай нысанға барып, тексеретін болады.

Тексерістен соң нысан жұмысқа дайын болса, онда оған нысанның дайын екендігі туралы акт беріледі. Тексеру бір жұмыс күнінен артық созылмайды. Алдағы уақытта мониторинг жасалады да, тәртіп бұзылған жағдайда нысанды жабу мәселесі қаралады.

Барлық өнеркәсіптік және құрылыс нысандары штаттық режимде сағат таңғы 8-9-дан 17-18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қоғамдық көлік те сағат кешкі 7-ге дейін жүреді.

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Наталья Дягилева жұмысшыларды кіргізбес бұрын жұмыс нысандары оларды тексеретінін айтты.

"Кәсіпорын жұмысшыларды кіргізбес бұрын тексеріп, дене температураларын өлшейді. Оның барлығын арнайы журналға тіркеп отырады. Егер қызметкерлерден жөтел, температура, ентігу сияқты ЖРВИ мен тұмаудың белгілері байқалса, олар жұмысқа да, үйлеріне де жіберілмейді. Бірден жедел жәрдем шақырылады", – деді Дягилева.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Айта кетейік, Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының қатарындағы 54 курсант коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жұмысын бастайтын кәсіпорындарға қойылатын талап күшейтілді