Выйти
RU

БҒМ ТВ сабақтар жайлы: Қателіктер үшін кешірім сұраймыз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым вице-министрі телеарналар арқылы көрсетілген кейбір сабақтардың түсірілімі кезінде жіберілген қателіктер үшін оқушылар мен ата-аналардан кешірім сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БҒМ ТВ сабақтар жайлы: Қателіктер үшін кешірім сұраймыз

Фото: pixabay.com

Журналистер министрдің орынбасары Шолпан Кариновадан оқушыларды қашықтан оқытуға арналған кей видеосабақтарда мұғалімдер неліктен қателесетінін түсіндіріп беруін сұрады.

Мысалы, қазақ тілі сабағында мұғалімдер сөзді буынға қате бөлген және сөйлемді дұрыс талдай алмаған.

Вице-министр қатені мойындап, Қазақстанда қашықтан оқыту жүйесі тосыннан енгізілгенін айтты. Сабақ беріп тұрған мұғалімдер түсірілім кезінде қобалжыған көрінеді.

БҒМ қателіктер үшін кешірім сұрады. 700 сабақтың ішінде тек 2 сабақтан ғана қателік шыққан, олар қайта түсірілген. Сабақтардың сапасын бақылауды күшейту қолға алынды.

Сондай-ақ, бүгін министрлік Қазақстанның барлық мектептерінде соңғы қоңырауға арналған жиын болмайтынын хабарлады. Бұл - карантинға байланысты мәжбүрлі шешім.

Еске сала кетсек, биыл оқушылар қорытынды емтихан тапсырмайтын болды. Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың қорытынды аттестациясы пәндер бойынша жыл сайынғы бағаларының негізінде қорытылатын болады. Сертификаттар пәндер бойынша жыл сайынғы бағалау негізінде беріледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҒМ ТВ сабақтар жайлы: Қателіктер үшін кешірім сұраймыз