Выйти
RU

Алматыда дәрігерлер үстемеақы алмағаны рас па: Әбілдаев пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев дәрігерлер үстемеақы алмады деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Оның айтуынша, кейбір БАҚ беттерінде COVID-19 инфекциясымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төленбегені туралы ақпараттар жарияланған.

"Аталған факті бойынша мемлекеттік комиссиясының тәуекел санаттары тізіміне кіретін барлық медицина қызметкерлері жұмыс істеген сағаттар үшін толық көлемде төлемдер алатынын ресми түрде хабарлаймын. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көмек алуға үш тәуекел тобына жатқызылған медицина қызметкерлері құқылы екенін еске саламыз", - деді басқарма басшысы.

Қазір Алматыда 3 758 қызметкерге, оның ішінде 498 дәрігерге, 1800 орта медицина қызметкеріне, 624 кіші медицина қызметкеріне және басқа да 836 қызметкерге, оның ішінде медициналық жедел жәрдем қызметінің 822 жүргізушісіне төлем жүргізілгені белгілі болды.

Оларға жалпы алғанда 1 млрд 134,8 млн теңге төленген.

Әбілдаев бүгін медициналық жедел жәрдем қызметінің жұмыскерлеріне төлем жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1480-ге жетті. Оның 461-і Алматы қаласында тіркелген.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Одан бөлек, оңтүстік астанада коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкерлерінің де саны артты. Тілеухан Әбілдаев сөзінше, қалада 234 маман қауіпті дертке шалдыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда дәрігерлер үстемеақы алмағаны рас па: Әбілдаев пікір білдірді