Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жемқорлыққа қарсы қызмет "Болашақты" тексермек

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы аудиторлық тексеру барысында Халықаралық бағдарламалар орталығы қызметінде "Болашақ" студенттеріне шәкіртақы төлеу бойынша тәртіп бұзу анықталғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жемқорлыққа қарсы қызмет "Болашақты" тексереді
Фото: pixabay.com: UGC

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері Айнагүл Карипованың айтуынша, Халықаралық бағдарламалар орталығының қаржылық есебі онда көрсетілген деректерді растайтын нақты дәлел жоқтығына қарамастан, соңғы 4 жыл бойы мақұлданып келген.

Осылайша, оқығандар мен бағдарлама бойынша шәкіртақы алғандардың саны бойынша жемқорлыққа қарсы ведомствоның 1С-бухгалтерия және Е-Болашак деректерінде ауытқу байқалған. Айырмашылық 68-ден 214 адамға дейін құраған. Айнагүл Карипованың есебі бойынша, бұған мемлекеттік қаражаттың 10%-ынан көбі жұмсалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы фактілер бойынша мұқият тексеру жүргізуді қолға алмақ.

100% төлем жасалса да, екі ақпараттық жүйені біріктіру жұмысы да орындалмаған. Бұл студенттердің есебін ұйымдастыру бойынша мәселені жеңілдетер еді.

Оның үстіне, Орталық басшылығы бос тұрған қаражаттың бір бөлігін екінші деңгейлі банктердің депозитіне салып қойғаны белгілі болды. Алайда 2018 жылы "Астана Банкі" банкрот болуына байланысты орталық бюджетінің 7%-ынан айырылған. Бұл ақша Болашақ студенттеріне шәкіртақы ретінде төленуі керек еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда дәрігерлерге арналған ақшаның қалай бөлініп жатқанын агенттік тексеретінін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851418-zemkorlykka-karsy-kyzmet-bolasakty-teksermek/

pixel