RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1500-ге жуықтады

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 18 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1498 -ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos
"17 сәуір 18:25-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 18 жағдай тіркелді. Алматы облысында 8, Батыс Қазақстан облысында 2, Нұр-Сұлтан қаласында 8", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 1498 жағдай:

Нұр-Сұлтан қаласы – 341

Алматы қаласы – 461

Шымкент қаласы – 46

Ақмола облысы – 81

Ақтөбе облысы – 18

Алматы облысы – 37

Атырау облысы – 72

Шығыс Қазақстан облысы – 8

Жамбыл облысы – 53

Батыс Қазақстан облысы – 32

Қарағанды облысы – 87

Қостанай облысы – 7

Қызылорда облысы – 143

Маңғыстау облысы – 12

Павлодар облысы – 15

Солтүстік Қазақстан облысы – 29

Түркістан облысы – 56

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 17 адам көз жұмды.

Соңғы қайғылы жағдай Алматы қаласында тіркелді.

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851424-kazakstanda-koronavirus-infekciasyn-zktyrgandar-1500-ge-zuyktady.html