Выйти
RU

Елімізде тағы 34 адам коронавирус инфекциясынан жазылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 340-қа жетті. Соңғы деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 4 адам, Алматы қаласында 12 адам, Шымкент қаласында 9 адам, Жамбыл облысында 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 3 адам, Түркістан облысында 1 адам, Алматы облысында 1 адам, Қарағанды облысында - 1 адам сауығып, ауруханадан шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда соңғы дерек бойынша, тағы 34 адам коронавирус инфекциясынан емделіп, ауруханадан шықты.

Қазақстан бойынша жазылғандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 167

Алматы қаласы – 79

Шымкент қаласы – 11

Ақмола облысы – 9

Ақтөбе облысы – 3

Алматы облысы – 8

Атырау облысы – 16

Жамбыл облысы – 6

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 5

Қызылорда облысы – 17

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 8

Түркістан облысы – 7

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1498-ге жетті.

Кеше 17-науқастың көз жұмғаны жайлы белгілі болды. Қайғылы жағдай Алматы қаласында тіркелген.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде тағы 34 адам коронавирус инфекциясынан жазылды