Выйти
RU

Қазақстанда түрмеде коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде уақытша қамау изоляторында отырған екі адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда уақытша қамау изоляторында екі адам тіркелді", - деді ол.

Олардың біреуі 10 сәуірде Қызылорда облысы Қазалы ауданында, екіншісі 15 сәуірде Атырау облысында анықталған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1498-ге жетті.

Кеше он жетінші науқастың көз жұмғаны жайлы белгілі болды. Қайғылы жағдай Алматы қаласында тіркелген.

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда түрмеде коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді