RU

Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 347-ге жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 347-ге жетті. Соңғы деректер бойынша, Ақмола облысында 7 адам қауіпті дерттен емделіп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 347-ге жетті
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 347-ге жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 167

Алматы қаласы – 79

Шымкент қаласы – 11

Ақмола облысы – 16

Ақтөбе облысы – 3

Алматы облысы – 8

Атырау облысы – 16

Жамбыл облысы – 6

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 5

Қызылорда облысы – 17

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 8

Түркістан облысы – 7.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1498-ге жетті.

Кеше он жетінші науқастың көз жұмғаны жайлы белгілі болды. Қайғылы жағдай Алматы қаласында тіркелген.

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851441-kazakstanda-koronavirustan-ajykkandar-sany-347-ge-zetti.html