Выйти
RU

Қазақстандықтар жастықпен суретке түскен полицейге қолдау білдіріп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазнет пайдаланушылары Алматы қалалық полиция департаментінің басшысының орынбасарын қорғауға көшті. Себебі, белгісіз біреулер тәртіп сақшысының жұбайының аккаунтын бұзып, желіге полицейдің фотосын салған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар фотоны желі салған адамды бірігіп іздемекші

Әлеуметтік желіде тараған фото. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Кеше әлеуметтік желіде төсекте тұрып, жалаңаш денесін бір жастықпен ғана жауып тұрған ер адамның суреті тарады. Фото карантиндік челлендж аясында түсірілгенге ұқсайды.

Желі қолданушылары суреттегі ер адамның ұсқынын Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасарына ұқсатты.

Полиция бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеріс бастағанын айтты.

Кейін суреттегі расымен де Берік Әділбеков екені белгілі болды.

Сөйтсе, бұл фотосурет жұбайының жабық аккаунтында сақталып тұрған көрінеді. Аккаунтты бәзбіреулер бұзып, желіге салған. Ал полицейдің әлеуметтік желіде ешқандай аккаунты жоқ екен.

Полицейге қатысты тексеру басталды, ал қоғам болса, кенет Әділбековтің тарапын қолдады.

Желі қолданушылары жастықпен түскен суреттерін салып, полицейге демеу беріп, қолдау көрсетіп жатыр.

Кейбіреулер желіде шенеуніктің суреттегі жатын бөлмесінің ішкі көрінісін көріп, жоғары лауазымына қарамастан қарапайым тұратынын да айтып жатыр.

Адвокат Жанна Мұхамади полицияның бұл фотоға қатысты неліктен тергеу ісін бастағанын түсінбей әлек. Оның ойынша, полицияның "өзінің жатын бөлмесіндегі жастық ұстаған ер адамнан" басқа маңызды ісі жетерлік.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

" Иә, мен де жастықпен суретке түстім, алайда мұны бейәдеп қылыққа жатқызбаймын",– деді адвокат Facebook парақшасында.

Қоғам қайраткері Думан Қапасов та бұл суретте ешқандай әбестік немесе ұяттық жоқ деп санайды.

"Көрдім оны, әжептеуір фото, жалаңаш емес, тіпті бөлменің ішкі көрінісінен қарапайым адам екені байқалады. Адамша түсірілген фото. Бұл жәй ғана жымиюға түрткі емес пе?",– деп жазды Қапасов.

Жеке кәсіпкер Ларион Лян да тәртіп сақшысын қолдау мақсатында тура осылай суретке түсті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматылық лауазымды полицейдің жастықпен түскен суреті желіде қалай тарап кеткенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтар жастықпен суретке түскен полицейге қолдау білдіріп жатыр