Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда блок-бекеттен өткен элиталық кортеж мүшелері жазаланды (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы блок-бекеттен өтіп бара жатқан бірнеше элиталық көліктердің видеосы тарауда. Полиция төтенше жағдай мен жол ережелерін бұзған элиталық кортеж жүргізушілері мен жолаушыларын ұстады. Криминалдық полиция бөлімінің басшысы да қызметінен шеттетілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда блок-бекеттен өткен элиталық кортеж мүшелері жазаланды (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әлеуметтік желілерге бақылау жүргізетін полиция қызметкерлері төтенше жағдай мен жол жүру ережелерінің бұзылғаны туралы видеоны көрген.

Кадрдан ер адамдардың бірнеше көлікке мініп, қатты әуенмен блок-бекетті өтіп бара жатқанын көруге болады.

Полиция олардың әрекеттері үшін қандай жаза алғанын айтты.

Екі жолаушы 15 тәулікке қамауға алынды - олар төтенше жағдайды бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Полиция кортеждің тағы екі қатысушысын іздестіруде - олардың тұлғалары анықталған.

Полиция төрт көліктің барлығының тұраққа жіберілгенін хабарлады. Сондай-ақ, полицияның тексеріс жүргізіп жатқандығы белгілі болды. Олар автокөліктің бақылау бекетінен кедергісіз қалай өткенін анықтау керек.

Тексеру кезінде қаланың криминалдық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шеттетілді. Тексеруден кейін оның іс-әрекеті бағаланады.

Сондай-ақ, полиция департаменті сот залында түсірілген видеоның кадрларымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Bentley көлігі жүргізушісінің блок-бекеттен қалай өтіп кеткенін көрсетіп, мақтанғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851462-almatyda-blok-beketten-tken-elitalyk-kortez-mseleri-zazalandy-video/

pixel