Выйти
RU

Алматы қаласы қылмыстық полициясының басшысы қызметінен шеттетілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың полиция департаментінің қылмыстық бөлімін басқаратын Зиадин Жанболат қызметінен шеттетілді. Кортеждің бақылау бекетінен өтіп бара жатқаны бейнеленген видеодан кейін оған қарсы тексеру басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласы қылмыстық полициясының басшысы қызметінен босатылды

Фото: КТК арнасының видеосынан кадр, t.me/yyedilov

Мұның бәрі әлеуметтік желілерде бірнеше элиталық және қымбат көліктерден тұратын кортеждың видеосынан басталды. Оның қатысушылары жол ережелері мен төтенше жағдайды елемей, бақылау-өткізу пунктінен өтіп кеткен. Осының бәрін олар камераға түсіріп, содан кейін әлеуметтік желілерге жариялады.

Бейнежазбаның соңында осы ер адамдардың үстел басында әлдебір мерекені тойлап отырғанын көруге болады. Алайда карантин режиміне сәйкес, барлық қоғамдық шараларға тыйым салынған.

Бұл кадрлар әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Полицияның мәліметінше, тәртіп бұзушылардың бәрі ұсталып, жауапқа тартылды - үш жүргізуші мен екі жолаушы әкімшілік қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Bentley көлігі жүргізушісінің блок-бекеттен қалай өтіп кеткенін көрсетіп, мақтанғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы қаласы қылмыстық полициясының басшысы қызметінен шеттетілді