Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

500 мыңға жуық маска Қазақстаннан Мәскеуге шығарыла жаздады

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" өткізу пунктінде республикадан бір реттік медициналық маскалардың заңсыз экспорты тоқтатылды. Бұл туралы БҚО бойынша Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметі департаментінде хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

55 миллион теңгеге 500 мыңға жуық маска Қазақстаннан Мәскеуге шығарыла жаздады
Фото: БҚО бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаменті: UGC
"17 сәуірде Алматыдан Мәскеуге Қазақстан азаматының басқаруымен келе жатқан Volvo автокөлігіне шекаралық бақылау жүргізілді.
Жасақ қызметкерлері шанақтың дұрыс пломбаланбағанынан күдіктеніп қалды. Сол себепті көлік құралын терең тексеруден өткізу туралы шешім қабылданды. Осылайша, медициналық маска салынған 119 қорап табылды.
Олардың саны 464 мың дана болды. Болжамды сомасы - 55 миллион теңгені құрауда", - деді подполковник Асқар Қазбеков.

Шекарашылар жүкті жөнелтуші қазақстандық ЖШС екенін нақтылады. Ілеспе құжаттарда машинада халық тұтынатын тауарларды тасымалдаатыны көрсетілген.

Айта кету керек, Қазақстаннан төтенше жағдай режимі кезінде жеке қорғаныс құралдары мен түрлі медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкетуге тыйым салынады.

Қазіргі уақытта материалдар экономикалық тергеулер бөліміне тапсырылды. Олар бұл факт бойынша процессуалдық шешім қабылдайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851475-500-myga-zuyk-maska-kazakstannan-mskeuge-sygaryla-zazdady/

pixel