Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1546-ға жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус инфекциясының тағы 48 жағдайы тіркелді. Олардың 34-і Алматыда анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1546-ға жетті

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 17 сәуірде 23:00 уақытына сәйкес, республика бойынша тағы 48 жаңа коронавирус инфекциясы анықталды.

Нұр-Сұлтан, Алматы және төрт облыста вирус жұқтырудың жаңа дерегі тіркелді. Олардың 34-і оңтүстік астанада анықталды.

Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырған бес адам табылды. Ал Қостанай облысында тағы екі адам коронавирус жұқтырды.

Ақтөбе облысында коронавиру жұқтырған тағы бес адам табылды. Бір инфекция жұқтырған адам Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген.

Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстанда аурудың 1546 жағдайы анықталды. Инфекция таралғалы бері 347 қазақстандық сауығып кетті. Ал 17 адам көз жұмды.

Еске салсақ, Қазақстанда 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін Төтенше жағдай жарияланған болатын.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Тиісті қаулыға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1546-ға жетті