Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1600- ге жуықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1591-ге жетті. Соңғы деректер бойынша, елде тағы 45 адамда COVID-19 диагнозы расталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1600- ге жуықтады

Фото: NUR.KZ

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 45 жағдай тіркелді. Түркістан облысы - 1, Алматы қаласы - 9, Ақтөбе облысы - 2, Атырау облысы - 4, Жамбыл облысы - 4, Батыс Қазақстан облысы - 6, Павлодар облысы - 2, Нұр-Сұлтан қаласы - 4, Қарағанды облысы - 2, Шымкент қаласы - 11",- делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 1591 жағдай:

Нұр-Сұлтан қаласы – 350

Алматы қаласы – 504

Шымкент қаласы – 57

Ақмола облысы – 81

Ақтөбе облысы – 25

Алматы облысы – 37

Атырау облысы – 76

Шығыс Қазақстан облысы – 8

Жамбыл облысы – 58

Батыс Қазақстан облысы – 39

Қарағанды облысы – 89

Қостанай облысы – 9

Қызылорда облысы – 143

Маңғыстау облысы – 12

Павлодар облысы – 17

Солтүстік Қазақстан облысы – 29

Түркістан облысы – 57.

Айта кетейік, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирусқа қарсы күресіп жатқан дәрігерлер үстемеақы алмады деген ақпаратты жоққа шығарды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Аталған факті бойынша мемлекеттік комиссиясының тәуекел санаттары тізіміне кіретін барлық медицина қызметкерлері жұмыс істеген сағаттар үшін толық көлемде төлемдер алатынын ресми түрде хабарлаймын. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көмек алуға үш тәуекел тобына жатқызылған медицина қызметкерлері құқылы екенін еске саламыз", - деді басқарма басшысы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1600- ге жуықтады