Выйти
RU

Қазақстанда тағы 4 адам коронавирустан емделіп шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда тағы 4 адам коронавирустан емделіп шықты. Осылайша, елімізде қауіпті дертті жеңгендер саны 354- ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда тағы 4 адам коронавирустан емделіп шықты

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ресми ақпар бойынша, айыққандардың бесеуі Нұр-Сұлтан қаласынан, екеуі Қызылорда облысынан.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 354-ке жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 172

Алматы қаласы – 79

Шымкент қаласы – 11

Ақмола облысы – 16

Ақтөбе облысы – 3

Алматы облысы – 8

Атырау облысы – 16

Жамбыл облысы – 6

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 5

Қызылорда облысы – 19

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 8

Түркістан облысы – 7.

Айта кетейік, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов қызметінен өз еркімен кетті.

Ғазизов Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2019 жылдың 30 желтоқсаны күні тағайындалған. Басқарма баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ол жұмыстан өз еркімен шыққан.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Байтолла Ғазизов Міндетті медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры болып істеген. Қазір өңірлік басқарма басшысы қызметінің міндетін атқару орынбасар Гүлнафис Танбаева жүктелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда тағы 4 адам коронавирустан емделіп шықты