Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантиндегі өңір тұрғындары коммуналдық шығын үшін 15 мың теңгеден алады

Опубликовано:

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі карантинге жабылған өңірлердегі халықтың жекелеген санаттарының коммуналдық шығыны үшін 15 мың теңгеден аударылатынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Президент төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуді тапсырды. Оны орындау аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызметті жеткізушілермен келісімшарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірледі", - деді министрліктен.

Нақтырақ айтқанда, карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы 15 мың теңгеден аударып отырады. Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары айқындалған. Олар:

- 1, 2, 3 топ мүгедектері;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көпбалалы отбасылар;

- ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;

- төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;

- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

"Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Әкімдік ұсынылған деректерді тексеріп, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады", - делінген хабарламада.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктер тұтынушылардан өтінімдерді қабылдап, олардың растығын тексеруді дұрыстап ұйымдастыруы керектігін еске салып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу кезіндегі жауапкершілік туралы айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851508-karantindegi-ir-trgyndary-kommunaldyk-sygyn-sin-15-my-tegeden-alady/

pixel