RU

Алматыда түнгі ауысымнан қайтқан полицей жол апатынан қаза тапты

Алматы қаласында полиция қызметкері жол-көлік апатынан қаза тапты. Ол жұмыстан түнгі ауысымнан қайтып келе жатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қайғылы жағдай туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.

"18 сәуір күні Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының 1992 жылы туған қызметкері жол-көлік апатынан қайтыс болды. Жұмыстан (түнгі ауысымнан) жеке автокөлігімен қайтып келе жатқан ол жер асты өткелінің қоршауына соғылған. Салдарынан тәртіп сақшысы ауыр жарақат алды. Жансақтау шаралары мен дәрігерлер жұмсаған күшіне қарамастан, ол жедел жәрдем көлігіне көз жұмды", - деп мәлімдеді департаментте.

Анықталғандай, тәртіп сақшысының қанынан алкоголь табылмаған. Жол-көлік апатының мән-жайы алдағы тергеу жұмыстары барысында белгілі болады.

Айта кетейік, Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында полиция қызметкерінен COVID-19 инфекциясы анықталды. Нәтижесінде тәртіп сақшысы қызмет еткен бөлім толығымен карантинге үйлеріне жіберілді.

Одан бөлек, жастықпен суретке түскен суреті желіні шарлап кеткен алматылық полицейге қазақстандықтар қолдау білдіріп жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851521-almatyda-tngi-auysymnan-kajtkan-policej-zol-apatynan-kaza-tapty.html