RU

Алматы қаласында тағы 5 адам коронавирустан жазылып шықты

Алматы қаласында тағы 5 адам коронавирустан жазылып шықты. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясынан айыққандар саны 366-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласында тағы 5 адам коронавирустан жазылып шықты
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Original

Қазақстан бойынша жазылғандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 172

Алматы қаласы – 84

Шымкент қаласы – 11

Ақмола облысы – 16

Ақтөбе облысы – 3

Алматы облысы – 8

Атырау облысы – 21

Жамбыл облысы – 6

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 5

Қызылорда облысы – 21

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 8

Түркістан облысы – 7.

Айта кетейік, Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі карантинге жабылған өңірлердегі халықтың жекелеген санаттарының коммуналдық шығыны үшін 15 мың теңгеден аударылатынын мәлім етті.

"Президент төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуді тапсырды. Оны орындау аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызметті жеткізушілермен келісімшарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірледі", - деді министрліктен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851524-almaty-kalasynda-tagy-5-adam-koronavirustan-zazylyp-sykty.html