Выйти
RU

БЖЗҚ жеке шоттарда зейнетақы жинақтарының "азаюын" түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ салымшылардың жинақ шотындағы қаражаттың "азаюына" қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БЖЗҚ жеке шоттарда зейнетақы жинақтарының "азаюын" түсіндірді

Фото: 2gis

"Соңғы күндері бізге "Менің жинақтарымның сомасы неге азайып кетті?" деген сауалдар көп қойылатын болып кетті. Мәселенің басын ашып алайық. Зейнетақы жинақтары – жарналар мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасы. ⠀ Жарналар ешқашан азаймайды, олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Жарналардың 3 түрі бар:

- міндетті зейнетақы жарналары (табыстың 10% ) - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (табыстың 5%, оны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына төлейді) - ерікті зейнетақы жарналарын адам өз еркімен төлейді (ол кез келген сомада болады және төлеу кезеңділігін де өзі таңдайды) ⠀ Инвестициялық кіріс – зейнетақы жинақтары қаражатын инвестициялау нәтижесінде алынған табыс. Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады. ⠀ Зейнетақы жинақтары әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетелдік валюталар және т.б.) инвестицияланады, олардың құны әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғайып, азаюы мүмкін. ⠀ Инвестициялық табыс күн сайын есептелетін болғандықтан, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс төмен болған кезде, зейнетақы жинақтарының сомасы азаяды, инвестициялық табыс жақсы болған кезде – зейнетақы жинағы да ұлғаятын болады. ⠀ Инвестициялау табыстылығын бірнеше күн сияқты аз уақыт емес, бір жыл тәрізді ұзағырақ уақыт үшін қарау керек екенін түсіну маңызды. ⠀ Жыл басынан бергі инвестициялық қызметтің нәтижелері оң үрдісті көрсетіп отыр - салымшылардың шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелген. Ал бұл жыл басындағы көрсеткіштен 6% -ға және соңғы 12 айдағы табыстан 12% - ға жуық мөлшерге артық. ⠀ Құрметті салымшылар! "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына сай сіздердің жинақтарыңыз тек сіздердің меншіктеріңіз болып есептеледі!",- деді "БЖЗҚ" АҚ.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БЖЗҚ жеке шоттарда зейнетақы жинақтарының "азаюын" түсіндірді