Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1600- ден асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда тағы 22 адам коронавирус жұқтырды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1615-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

18 сәуір сағат 17:25-тегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында 15, Алматы облысына 2, Шымкент қаласында 1, Павлодар облысында 1, Алматы қаласында 1, Ақтөбе облысында 2 адамда COVID-19 диагнозы расталды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 365 адам, Алматы қаласында 505 адам, Қарағанды облысында 89 адам, Ақмола облысында 81 адам, Атырау облысында 76 адам, Жамбыл облысында 58 адам, Шымкент қаласында 58 адам, Шығыс Қазақстан облысында 8 адам, Алматы облысында 41 адам, Ақтөбе облысында 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 29 адам, Павлодар облысында 18 адам, Маңғыстау облысында 12 адам, Қызылорда облысында 143 адам, Батыс Қазақстан облысында 39 адам, Түркістан облысында 57 адам, Қостанай облысында 9 адам - жалпы 1615 науқас анықталды.

Айта кетейік, Ақтөбеде оқшаулау изоляторында анықталған науқастан кейін бір топ құқық қорғау қызметкерлері карантинге жатқызылды. Олардың алғашқы анализ қорытындылары теріс көрсеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1600- ден асты