Выйти
RU

Алматыдан 141 шақырым қашықта жер сілкінді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі 18 сәуірде Алматы уақыты бойынша 17 сағат 24 минутта жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматыдан 141 шақырым қашықта жер сілкінді

Көрнекі фото: pixabay.com

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 141 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.6. MPV магнитудасы 4.4. Тереңдігі 20 шақырым. Жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеді.

Айта кетейік, демалыс күні елімізде ауа райы жылы болады. "Қазгидромет" РМК мамандарының ақпарына сәйкес, термометр бағамы 30 градустан жоғары көрсеткішке дейін жететін көрінеді.

Gismeteo порталының деректеріне сүйенсек, жақын күндері Қазақстан мегаполистерінде күн ашық болады, Алматы қаласында күн 19 градусқа дейін жылынады. Синоптиктер оңтүстік астанада күн ашық болады деп болжап отыр. Сол секілді Нұр-Сұлтанда ауа райы бұлтсыз болмақ. Ауа температурасы 19...23 градусқа дейін көтеріледі.

Осы демалыста Шымкентте күн райы бірнеше градусқа дейін жылынады. Үшінші мегаполисте сынап бағанасы 21...24 градусқа дейін көтеріліп, аспан шайдай ашық болады деген болжам бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдан 141 шақырым қашықта жер сілкінді