Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері болып тағайындалды

Опубликовано:

Жандарбек Бекшин оңтүстік астананың жаңа бас санитар дәрігері болып тағайындалды. Ол қызметінен босатылған Айзат Молдағасымованың орнына келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Жандарбек Бекшин. Фото : www.gov.kz
Жандарбек Бекшин. Фото : www.gov.kz: UGC

Жедел штабтың хабарлауынша, Алматының бас санитар дәрігері денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен тағайындалған. 18 сәуір күні тиісті құжатқа қол қойылды.

Айта кетейік, Жандарбек Бекшин бұған дейін Қазақстан республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметінде болып, кейін лауазымынан босатылған болатын. Ол тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жаңа төрағасының орынбасары болып қалғанын мәлімдеді.

Алайда, бүгін оның Алматы қаласының бас санитары болып тағайындалғаны белгілі болды. Бұл қызметте Бекшин Айзат Молдағасымованы алмастырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін оңтүстік астананың бас санитар дәрігері болған Айзат Молдағасымова бүгін қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Жандарбек Бекшиннің коронавирустың Қазақстанға қашан келетіні жөніндегі болжамы желіде қызу талқыға түскен болатын.

Бұл ақпарат тез танымалдылыққа ие болды. Ел тұрғындары 115 мемлекетте тіркелген қауіпті дерттің пайда болатынына емес, маманның коронавирустың Қазақстанға қай уақытта келетінін айтқанына таңғалды.

Желі қолданушылары аталған тақырыпта неше түрлі жазба жариялап, видео түсіріп, пікір қалдырып бас санитардың сөзін сынап, әзілдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851558-zandarbek-beksin-almatyny-bas-sanitar-drigeri-bolyp-tagajyndaldy/

pixel