Выйти
RU

Тоқаев еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Құрметті отандастар! Еліміздің православ қауымын қасиетті Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мейірімділік пен жанашырлыққа үндейтін бұл мейрам қастерлі құндылықтарды дәріптейді. 

Христиан дінінің игіліктері адамға ізгілік пен қайырымдылық дарытады. Пасха мейрамы рухани бірлікті, шынайы бауырластықты нығайтуға жол ашады.

Бүкіл әлем қауіпті індетпен күресіп жатқан қазіргідей кезеңде барлық дін өкілдері үшін рухтың беріктігі мен өзара ынтымақтастықтың маңызы зор.

Халқымыз береке-бірліктің, парасат пен төзімнің арқасында кез-келген қиындықты абыроймен еңсереді деп сенемін.

Барша православ христиандарына және отандастарымызға мықты денсаулық, мол бақыт, толағай табыс тілеймін!", - делінген мемлекет басшысының құттықтауында.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады