Выйти
RU

Шымкентте блокпостта тұрған полиция қызметкерін джип көлігінің жүргізушісі қағып кетті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте қаласында джип көлігінің жүргізушісі блокпостта тұрған полиция қызметкерін қағып кетті. Соның салдарынан кезекшілікте тұрған тәртіп сақшысы жарақат алды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Жол-көлік оқиғасы Бәйдібек би мен Толеметов көшелерінің қиылысында орын алған.

Lexus LX 570 таңдаулы көлігінің 33 жастағы жүргізуші жолда өз міндетін атқарып тұрған тұрған полиция қызметкерін қағып кеткені хабарланды.

Кінәлі жүргізуші оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 380 бабы 3 бөлігі 9 тармағы "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану, төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған іс-әрекет" бойынша іс қозғалып, джип көлігі айыптұраққа қойылғаны белгілі болды.

Аталған бап бойынша кінәлі тұлғаға 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте блокпостта тұрған полиция қызметкерін джип көлігінің жүргізушісі қағып кетті (видео)