Выйти
RU

Алматы облысында ауыл тұрғындары полицияны аяғынан тік тұрғызды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында ауыл тұрғындары дәрігерлік амбулаторияның есік-терезелерін бұзып, мекемені коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін пайдалануға қарсы екенін жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оқиға 19 сәуір күні сағат 00.15-те Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Береке ауылында орын алған.

Ведомсто мәліметінше, жергілікті тұрғындар ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның алдына жиналып, медициналық мекеменің коронавируспен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғандар оқшауланатын обсервациялық стационар ретінде пайдаланылуына наразы екенін білдірген.

Ол уақытта амбулаторияның ішінде ешкім болмағаны белгілі болды.

"Тұрғындар арасынан бұзақылар шығып, ғимаратқа материалдық шығын келтірді. Есік-терезелерін бұзып, 30 төсек пен матрацты сыртқа лақтырған. Жиналғандардың ішінде жекелеген адамдар мас болған", - делінген облыстық әкімдіктің хабарламасында.

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев жиналған тұрғындармен сөйлесуге келіп, түсіндіруге тырысқанымен ауыл тұрғындары әкімнің сөзіне қағаттанбай, обсервациялық стационарды жабуды талап етіпті.

Одан кейін мас күйіндегі азаматтар аудандық полция бөліміне жеткізілген.

"Осы оқиға бойынша Қарасай АПБ-да ҚР ҚК 202-бабының 1-бөлігіне сәйкес, яғни бөгденің мүлкіне қасақана зиян келтіру әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төтенше жағдай кезінде заңсыз әрекеттер ұйымдастырып, бұзақылыққа жол бергені үшін кінәлілер қатаң жазаланады", - деді ведомство.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Алматы облысының әкімдігі тұрғындарды көрінеу жалған ақпараттарға сенбеуге, тек ресми мәліметтерге ден қоюға шақырады.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1654 адам тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында ауыл тұрғындары полицияны аяғынан тік тұрғызды