RU

42500 теңге әлеуметтік төлем: Вице-министр қазақстандықтардың арызына жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қатысты ең жиі қойылатын үш сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы вице-министр Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Біз ақшаны бір жұмыс күні ішінде аударсақ та, ол төлемді алушының шотына ұзақ түспей жатқанынан қатысты шағымдар түсіп жатыр. Кейбір адам үш күнде түскенін айтса, кейбірі одан да ұзаққа созылатынын айтуда. Қазіргі уақытта осы мәселені банктермен талқылап жатырмыз. Оның қаншалықты өзекті екенін білу үшін Телеграм-арнасында арнайы сауалнама жүргізілуде. Соған кіріп, жауап қалдыруыңызды сұраймын", - деп сөзін бастады Мұқышев.

Екіншіден, әлеуметтік төлемнің берілмейтіні туралы жауап алған азаматтар 42500.enbek.kz сайтында өз өтінімдерін тексеруі қажеттігі айтылды.

"Себебі, мысалы БЖТ-ның жоқ болуына байланысты төлемнің берілмейтіні туралы жауап келсе, біз өтінімді қайта жіберетінбіз. Аударылатын БЖТ 1-3 күнде түседі. БЖТ түскеннен кейін шынында да әлеуметтік төлемдер кейін түсіп жатқанын анықтадық", - деп түсіндірді вице-министр.

Үшіншіден, Нариман Мұқышевтің айтуынша, 42 500 теңгеге қатысты сұрақтар жеке парақшасына да, пікір ретінде де көп түседі екен.

"Өкінішке орай, барлығына бірдей жауап бере алмай жатамын. Сонымен қатар адамдар бұл сұраққа жауап алу үшін кімге жүгінуге болатынын сұрайды. Ол үшін алдымен 42500.enbek.kz сайтындағы өтінім мәртебесін тексеріп алуды сұраймын. Болмаса 42500@enbek.kz немесе 42500@gfss.kz электронды поштасына хабарлама жіберуге болады.

Түсіндіру жұмыстарына Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі мен "ЕРДО" АҚ мамандары тартылған. Өтінімнің көптігіне байланысты 2-3 күнде мәселені шешіп беруге тырысамыз.

Ал егер мәртебені тексергеннен кейін де сұрақ туындаса 1411 нөміріне хабарласуға болады.

Күніне шұғыл байланыс орталығына жарты миллионға жуық қоңырау келіп түседі. Егер қоңырау соғып, байланысқа шыға алмасаңыз операторлар басқа азаматтардың сұрағына жауап беріп жатыр деген сөз. Қажетті мәліметтердің барлығын https://www.enbek.kz/ru/info/mzp ақпарат көзінен білуге болады", - деп сөзін қорытындылады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу кезіндегі жауапкершілік туралы айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851591-42500-tege-leumettik-tlem-vice-ministr-kazakstandyktardy-aryzyna-zauap-berdi.html