Выйти
RU

42 500 теңгені негізсіз алғандар қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі адвокат Айман Омарова 42 500 теңгені негізсіз алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма деген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Заң маманы құзіретті мемлекеттік орган о баста 42 500 теңгенің кімге берілетінін дұрыс түсіндірмегенін жеткізді.

"Бас кезінде түсініспеушілік болды. Халық дұрыс түсінбей, өтінім беруі де мүмкін. Әрине, адамдар ол ақшаны білмей алып қойып, артынан қайтарса, қылмыстық құқық бұзушылық болмайды. Алайда төтенше жағдай кезінде табысынан айырылмай, жалақының түсетінін біле тұра, 42 500 теңгеге өтінім берсе, алаяқтық әрекет туралы сөз қозғауға болады. Дегенмен, әрбір әрекетті жеке-дара қарастыру қажет. Адамның алдау ниеті болды ма, жоқ па, осыны анықтау керек", - деді Омарова. 

Адвокаттың сөзінше, барлығының алдау ниетті болғанын дәлелдеу қиын. Себебі көбісі заңды да білмейді.

"Әрине, заңды білмесең де, жауапкершіліктен босатылмайсың. Меніңше, ақшаны қайтармағандардың бәрін бірдей жауапқа тарту мүмкін емес. Ақыр соңында біреуді жазалайды, екіншісі құтылып кетеді. Қазіргі кезде түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, 42 500 теңгені негізсіз алған адамдарды ақшаны қайтаруға үндеу керек. Болды. Сол дұрыс сияқты. Негізі, әлеуметтік төлем алғандардың ішінде табысынан қағылмағандар да бар ғой. Енді, олардың кесірінен, шынымен де, табыссыз қалғандар ала алмауы мүмкін", - деп сөзін толықтырды Айман Омарова.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Айта кетейік, төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңге алғандар қайта тексерілетін болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42 500 теңгені негізсіз алғандар қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма