Выйти
RU

Елімізде коронавирус инфекциясынан 400-науқас жазылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылғандардың саны 400-ге жетті. Соңғы деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 4 адам сауығып, ауруханадан шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан бойынша жазылғандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 177

Алматы қаласы – 84

Шымкент қаласы – 11

Ақмола облысы – 17

Ақтөбе облысы – 7

Алматы облысы – 8

Атырау облысы – 21

Жамбыл облысы – 6

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 12

Қызылорда облысы – 24

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 18

Түркістан облысы – 11

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1661-ге жетті.

Ал қауіпті дерттен 17 науқас қайтыс болған. Соңғы өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген.

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирус инфекциясынан 400-науқас жазылды