Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 15 адам тiркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1676-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"19 сәуір 17:20-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тіркелді, оның ішінде Алматы қ. – 5, Нұр-Сұлтан қ. - 1, Қарағанды облысында - 3, Атырау облысында - 1, Жамбыл облысында - 1, Павлодар облысында - 4", - делінген хабарламада.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 372 адам,

Алматы қаласында – 518 адам,

Қарағанды облысында - 93 адам,

Ақмола облысында - 82 адам,

Атырау облысында - 80 адам,

Жамбыл облысында - 61 адам,

Шымкент қаласында - 62 адам,

Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам,

Алматы облысында - 41 адам,

Ақтөбе облысында - 27 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам,

Павлодар облысында - 26 адам,

Маңғыстау облысында - 12 адам,

Қызылорда облысында - 147 адам,

Батыс Қазақстан облысында - 46 адам,

Түркістан облысында - 57 адам,

Қостанай облысында - 15 адам, жалпы 1676 науқас тіркелді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясы салдарынан 17 науқас қайтыс болған. Соңғы өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген.

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 15 адам тiркелді