RU

"Індет шарықтау шегіне жеткен жоқ": Тоқаев ел тұрғындарын карантинді сақтауға шақырды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантинді сақтауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram

Бұл жөнінде мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ.

Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет", - деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1711 адамға жетті.

Вирустан айығып, ауруханадан 400 науқас шықты.

Ал Қазақстанда қауіпті дерттен барлығы 19 науқас көз жұмды. Соңғы өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелді.

Қайтыс болғандар - 1958 және 1931 жылы дүниеге келген.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851651-indet-saryktau-segine-zetken-zok-tokaev-el-trgyndaryn-karantindi-saktauga-sakyrdy.html