Выйти
RU

164 мың адам қайтыс болды: Әлемдегі коронавирус жайлы соңғы мәліметтер

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүкіл әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 2,4 миллион адамға жақындады, қайтыс болғандар саны 164,4 мың адамға жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

164 мың адам қайтыс болған: Әлемдегі коронавирустың жағдайы қандай

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

BNO News хабарлауынша, бүкіл әлемде 2 миллион 391 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды. Америка Құрама Штаттары бұл аурудан ең көп зардап шеккен мемлекет. Бұл елде, соңғы мәліметтер бойынша, жұқтырғандардың саны 756 мыңнан асады. Бұл көрсеткіш Испаниядағы жұқтырғандардың санынан бірнеше есе жоғары.

Бұл еуропалық мемлекетте науқастардың саны 200 мыңға жетуде. Үшінші орында Италия тұр. Онда ауру жұқтырғандардың саны 178,9 мыңға жетті.

Ресей Федерациясы алғашқы ондықты аяқтайды, онда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 42,8 мың адамға жетті.

Бүгінгі таңда COVID-19-дан жапа шеккендердің жалпы саны 164,4 мыңнан асады. Адамдардың көпшілігі АҚШ-та қайтыс болған. 40 мыңнан астам америкалықтар коронавирустан көз жұмды. Алғашқы он елдің ішіндегі ең төменгі көрсеткіш - Ресейде. Онда 361 адам КВИ-дан қайтыс болды. Айта кету керек, Ресейден бөлек, алғашқы ондықтың барлық елдерінде вирустан жапа шеккендер саны мыңды құрайды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Вирустың әлемде таралуы басталғаннан бері емделген адамдардың жалпы саны 600 мыңға жуық. Көбінесе Германияда науқастар емделді (87,5 мың адам). Еуропаның бұл елінде коронавирус инфекциясының 147,7 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

Қазақстанда 1711 адам вирус жұқтырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
164 мың адам қайтыс болды: Әлемдегі коронавирус жайлы соңғы мәліметтер