Выйти
RU

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 40 мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америка Құрама Штаттарында коронавирустық инфекциядан 40 мыңнан астам адам қайтыс болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 40 мыңнан асты

Көрнекі фото: pixabay.com

40,5 мыңнан астам америкалық COVID-19 құрбаны болды деп хабарлайды Lenta.ru коронавирус туралы статистикалық есептеумен айналысатын Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасап.

Құрама Штаттар - вирустан ең көп зардап шеккен ел. BNO News хабарлауынша, 755 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған.

Құрама Штаттар коронавирустан бір тәулікте қайтыс болғандардың саны бойынша бірнеше рет рекорд жасады.

Ауру Америка Құрама Штаттарында таралғаннан бері шамамен 48 мың адам коронавирустан емделді.

Сонымен қатар, ауруды жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұрған Испанияда (шамамен 197 мың адам) емделген адамдар саны 77 мыңнан асады.

Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша вирус жұқтырғандарыдң саны 2,4 миллион адамға жақындады.

Қайтыс болғандар саны 164,5 мыңға жетті, барлық уақыт аралығында 596 мыңға жуық адам вирусты жеңіп шықты.

Ең көп емделген ел - Германия. Еуропаның бұл елінде КВИ-ден 87,5 мың адам айықты.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 1711 адам вирус жұқтырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 40 мыңнан асты