Выйти
RU

"Тәждің асыл ақиқаты": Құралай ханым бір айлық марафонын тегін өткізді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Instagram желісінде ақыл-кеңестерімен бөлісіп, қыз-келіншектер арасында түрлі семинар-тренингтерімен танылған психолог Құралай Ошақбаева бір айлық марафонын желіде тегін өткізді. Белгілі коуч елімізде болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты өз оқырмандарынан ақы алмауды жөн көрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Тәждің асыл ақиқаты": Құралай ханым бір айлық марафонын тегін өткізді

Құралай Ошақбаева. Фото: Instagram

Күллі әлем вируспен үйде отырып күресіп жатқан сәтте желі жұлдыздары өз жұмыстарын қызу жүргізіп жатқаны баршаға мәлім.

Онлайн қызметтер науқаны басталған уақытта Құралай Ошақбаева да қарап қалмады.

Семинар-тренингтердің шебері бұл жолы жұртшылыққа өз білгенімен тегін бөлісуді жөн санаған.

Айта кетерлігі, Құралай ханым атанған психологтың "Тәждің асыл ақиқаты" атты марафонына қатысқан нәзік жандылардың қарасы көп болған сыңайлы.

Олар бір ай бойы тікелей эфир арқылы танымал коучтың кеңестерін тыңдап, түрлі тапсырмалар орындаған.

Құралай Ошақбаева өзінің онлайн марафонын күнделікті таңғы сағат алты жарымда көпшілікпен бірге дұға тілеуден бастап, әрі қарай психологиялық техникалар мен медитациялар жасауды үйреткен.

Сондай-ақ, танымал психолог өзі "антивирус марафон" деп атаған онлайн-шарада қатысушы қыз-келіншектермен бөліскен ақыл-кеңестерін жеке YouTube арнасына да жүктеп қойыпты.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Құралай ханым бір ай бойы өзімен бірге болған оқырмандарына алғыс білдіріп, оларға басын иетінін айтып, ақ тілегін жаудырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тәждің асыл ақиқаты": Құралай ханым бір айлық марафонын тегін өткізді