Выйти
RU

Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адам туралы жаңа дерек шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы күні кеше коронавирустан қайтыс болған екі науқас жайлы жаңа дерек ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адам туралы жаңа дерек шықты

Көрнекі фото: NUR.KZ

Басқарма мәліметінше, марқұмның біреуі - 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Ол жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмған.

Ал екіншісі -1931 жылы туған әйел. Ол жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жай-күйде болған.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирустан болған 19 қайғылы жағдай тіркелді.

20 сәуір таңғы 09:25-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, Қызылорда облысында 1, Нұр-Сұлтан қаласында 9, Алматы қаласында 1, Шымкент қаласында 4, Батыс Қазақстан облысында 1, Павлодар облысында 4, Қостанай облысында 4 науқас анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 1735- ке жетті.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 381 адам, Алматы қаласында 525 адам, Қарағанды облысында 93 адам, Ақмола облысында 82 адам, Атырау облысында 80 адам, Жамбыл облысында 61 адам, Шымкент қаласында 71 адам, Шығыс Қазақстан облысында 8 адам, Алматы облысында 44 адам,

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ақтөбе облысында 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 30 адам, Павлодар облысында 30 адам, Маңғыстау облысында 12 адам, Қызылорда облысында 149 адам, Батыс Қазақстан облысында 63 адам, Түркістан облысында 60 адам, Қостанай облысында 19 адам - жалпы 1735 науқас бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адам туралы жаңа дерек шықты