Выйти
RU

Гарри ханзада мен Меган Маркл кейбір БАҚ өкілдерімен "араласпай" қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Британия ханзадасы Гарри мен оның жұбайы Меган жалған ақпарат таратқаны үшін жергілікті төрт басылыммен әріптестігін тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: vogue.ua

Фото: vogue.ua

Guardian басылымының мәліметінше, мәселе Sun, Daily Mail, Mirror және Express газеттеріне қатысты болып отыр. Корольдік отбасы өкілдері британиялық таблоидтарды ақпаратты бұрмалау және жалған мәлімет беру бойынша айыптады.

"Өтінеміз, назар аударыңыздар, Сассекс герцогы мен герцогинясы сіздердің басылымдарыңызбен әріптестік жүргізбейді. Ешқандай өзара әрекеттесу мен әріптестік болмайды", – делінген хатта.

Гарри мен Меган өз хаттарында атап өткендей, олар аталған газеттердің табысты арттыру мақсатында жазған қауесеттері үшін таныс адамдарының өмірлерінің астан-кестені шыққанына куә болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Гарри ханзада мен оның жұбайы Меган Марклдың әлеуметтік желі парақшасында корольдік өкілеттіктен бас тартып, екі елде өмір сүретіні туралы мәліметті растағанын хабарлағанбыз.

Британия ханзадасы мен оның жұбайы мәртебелері бойынша өздеріне тиесілі қаржылық жеңілдіктен бас тартып, өз бетінше ақша табуға шешім қабылдаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Гарри ханзада мен Меган Маркл кейбір БАҚ өкілдерімен "араласпай" қалды