Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында екі баладан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Павлодар облысында коронавирус инфекциясының төрт жаңа дерегі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында екі баладан коронавирус анықталды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мемлекеттік комиссияның жедел штабының мәліметінше, COVID-19 Павлодар қаласының екі тұрғынынан: 1970 жылы туған әйел мен 2009 жылғы қыздан анықталды. Сондай-ақ, коронавирус Екібастұздың екі тұрғынында: 1972 жылы туған әйел мен 2010 жылы туған ер баладан анықталды.

Үш науқастың бұған дейін коронавирус анықталған адаммен байланыста болғаны хабарланды. Бақылау бөліміне 1972 жылы туған әйел пневмония диагнозымен қабылданды, 2020 жылдың 20 сәуірінде COVID-19-ға тапсырған талдау нәтижелері оң болып шықты.

"Барлық жағдайларда байланыста болған адамдардың шеңбері анықталды, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда", - делінген Мемлекеттік комиссияның жедел штабының хабарламасында.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 20 сәуіріндегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясының 30 жағдайы тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 24 адам тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851706-pavlodar-oblysynda-eki-baladan-koronavirus-anyktaldy/

pixel