Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42500 теңге алғандар қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма: Министр жауап берді

Опубликовано:

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңге алғандардың жауапкершілігі туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

42500 теңге алғандар қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма

Орталық коммуникация қызметі алаңында Біржан Нұрымбетов елдегі ТЖ режиміне байланысты бекітілген президенттік жәрдемақыдан кім үмітті бола алатынын хабарлады. Оның сөзінше, осы сағатқа дейін 42500 теңгені 3,9 млн адам алған, осы мақсатта 157 млрд теңге жұмсалған.

Бірақ, соңғы уақытта қоғамда жәрдемақыны құқығы жоқ азаматтар алғаны және олардың жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені қызу талқыланып жүр.

"6 сәуірден бастап біздің көптеген заңгер бұл мәселеге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қылмыстық кодекс баптарын да түсіндірді. Осыған байланысты, құрметті қазақстандықтар, 42500 теңге алғаны үшін немесе жәрдемақыны алғанда қателесіп кеткені үшін ешкім жазаланбайтынын айтқым келеді. Бұл мәселеге нүкте қояйық, өйткені дәлелді негіздер жоқ. Біз ешкімді тексермейміз, бұл әлеуметтік төлем. Үйге бармаймыз. Ештеңеге алаңдамаңыз, олар сізге ақша төледі, оны алыңыз, жұмсаңыз. Егер кімде-кім тексерілсе, бізді тексереді",-деді Нұрымбетов.

Айта кетейік, осыған қатысты белгілі адвокат Айман Омарова 42 500 теңгені негізсіз алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма деген сұраққа жауап берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851715-42500-tege-algandar-kylmystyk-zauapkersilikke-tartyla-ma-ministr-zauap-berdi/

pixel