Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі: GGG бапкері мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы GGG мен Сауль Альварестің арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады. Отандық боксшының командасы алдағы жекпе-жектерді өткізу бойынша нақты жоспарлар әзірлеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Facebook

BoxingNews24 ақпарынша, жаттықтырушы Джонатан Бэнкс Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 2020 жылғы қыркүйекте өтпейтінін кесіп айтты.

Ол сондай-ақ Альварестің командасының аталған жекпе-жекті қыркүйекте өткізу жөнінде келісімге келуге тырысқанын жеткізді. Алайда, айтуынша, бұл олардың да қолынан келмеген.

Головкиннің жаттықтырушысы басты себеп ретінде отандасымыздың Камил Шереметамен кездесуі керек екенін атап өтті. Содан кейін тағы бір жекпе-жек жоспарланған екен. Алайда, жаттықтырушы оның кімге қарсы өтетінін айтқан жоқ.

"Тек содан кейін ғана "Канеломен" жекпе-жек өтеді", – деп мәлімдеді Бэнкс.

Айтуынша, мексикалық расымен осы жекпе-жекті өткізуге ниетті болса, оны кейінірек те ұйымдастыруға болады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн бокс жанкүйерлерінің көкейінде жүрген сауалға жауап беріп, GGG мен "Канело" арасындағы үшінші кездесудің қашан өтуі мүмкін екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851720-golovkin-men-alvaresti-sinsi-zekpe-zegi-ggg-bapkeri-mlimdeme-zasady/

pixel